Мәскеуде Ресей қазақтарының құрылтайы өтті

Мәскеуде Халық шаруашығы жетістіктерінің көрмесіндегі (ХШЖК) «Қазақстан» павильонының алаңында «Отандастар қоры» КеАҚ басшылығы Ресей қазақтары мәдени орталықтарының басшыларымен және белсенділерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Жиынды ашқан «Отандастар» қорының президенті Абзал Сапарбекұлы кездесудің мақсаты – Камчаткадан Санкт-Петербургке дейінгі Ресейдің түкпір-түкпіріндегі қандастарымызды бір үстел басына біріктіру екенін айтты.

«Біздің кездесуіміздің мақсаты мемлекетіміздің осы саладағы міндеттерімен тығыз байланысты, бұл - Ресейдегі қазақтардың бірлігін нығайту, отандастарымызбен ынтымақтастық, қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін, тілін сақтау, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ маңызды мәселелер бойынша пікір алмасу үшін диалог алаңын құру», - деп атап өтті қор басшысы.

А. Сапарбекұлы сондай-ақ биыл қор шетелдік қандастардың мемуар, әңгіме, проза, поэзия жанрындағы шығармаларын және ғылыми зерттеулерін қазақ және орыс тілдерінде басып шығаруды көздейтін «Ұлы Дала» жобасын іске асыруға кіріскенін хабарлады.

Ресейдегі қазақ диаспорасы өкілдері де көкейдегі ойларын ортаға салды.

Көбісі тығыз өзара іс-қимылды дамыту перспективаларына, этникалық Отанда өткізілетін іс-шаралар туралы уақтылы ақпарат алуға, бірлескен білім беру, танымдық, туристік және өзге де жобаларды іске қосу мүмкіндігіне, сондай-ақ ұлттық бірегейлікті сақтау ісіндегі бірқатар мәселелерді шешуге қатысты болды.

Қатысушылар жастарды қазақтардың ұлттық кодын сақтау жұмысына тарту, жиналған тәжірибе мен білімді жас ұрпаққа беру үшін жағдай жасау қажеттігіне ерекше назар аударды.

Дерек көзі: https://www.inform.kz/kz



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News