«Жазғы лагерь - 2023» жобасына қатысушыларды іріктеу мақсатында «Отандастар Қоры» шетелде тұратын 12-17 жастағы этникалық қазақ оқушылары арасында онлайн форматта өтетін «Мәнерлеп оқу» халықаралық байқауын жариялады.
Байқау шарттары:
Видеоға талаптар:
- ұзақтығы 2-4 минуттан тұратын MP4 формат
- дауыстың анық шығуы
Қатысушылардың байқау жұмыстары:
Бейнероликтер 2023 жылғы 2 – 16 наурыз аралығында oq.contests@mail.ru электронды почтаға жолдау керек (жолдаған кезде аты-жөні, жасы, тұратын жері, оқитын мектебі, сыныбы, телефон номерін жазып жіберу, сондай-ақ жіберілетін видеоның әлеуметтік желілерде жариялануына келісім беру керек).
Байқау қорытындысы бойынша 6 жүлделі орын тағайындалады.
- үш орын 12-15 жас үшін
- үш орын 16-17 жас үшін
Байқау жеңімпаздарына «Жазғы лагерь - 2023» жобасына жолдама беріледі (электронды пошта арқылы жолданады). Жолдамаға лагерьде тұру, тамақтану және оқыту кіреді. Лагерьге келіп/кету жол қаражаты қатысушының есебінен төленеді.
Маңызды! «Отандастар Қоры» КЕАҚ-тың 2019, 2022 жылы ұйымдастырған «Жазғы Лагерь» жобасына барып келген қатысушылар қатыса алмайды.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: +7 747 178 39 38