«Отандастар» қоры делегациясының Омбы қаласына сапары туралы

«Отандастар» қоры КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы бастаған делегациясының Омбы қаласына сапары барысында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Сапар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жылдығын атап өту шеңберінде ұйымдастырылды.

Екі күндік сапар барысында қазақстандық делегация А.С.Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасына барып, онда кітапхана директордың орынбасары, өлкетану ақпарат орталығының жетекшісі, Ресей географиялық қоғамының толық мүшесі Алексей Петрович Сорокин қонақтарды Омбы облысының 200 жылдығына арналған экспозициясымен, сондай-ақ көрнекті қазақ зерттеуші, ағартушы, саяхатшы Шоқан Уәлиханов оқыған 1760-1853 жылдар аралығында шыққан бірегей кітаптардың жинағымен таныстырды.

Сонымен қатар, сапардың ресми бағдарламасы аясында Қор президенті Омбы облысындағы қазақ қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілерімен кездесіп, «Ажар» және «Тұран» ұлттық би ұжымдарының репетициялары мен «Қазақша күрес» секциясының жаттығу сабақтарына қатысты. Қазақ тілі мен мәдениетін сақтау мен дамытуға қатысты өзекті мәселелер көтеріліп, бірлескен гуманитарлық жобалар талқыланды.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News