СҚО-ның ресми делегациясы Омбы облысына барды

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған Солтүстік Қазақстан облысының ресми делегациясы Ресей Федерациясының Омбы облысында болды. Сапар барысында шекаралас аймақтың өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, ғылыми және мәдени орталықтарын аралады.

Қазақтың ғалымы Шоқан Уәлихановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, мемориалдық кешенде екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарға тағзым етті. Сондай-ақ, Омбыдағы қазақ ұлттық мәдени орталығының өкілдерімен де жылы кездесу өтті. 

Ресми делегация Омбы облысының Үкіметімен екі жақты кездесу өткізді. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко әртүрлі салалардағы шекаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Екі өңір арасында сауда-экономикалық байланыстарды нығайту үшін мүмкіндіктер мол.

«ОмЗИТ», «Планет-Центр» серіктестіктері және «Qyzyljar" АЭА арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Оның аясында өңірімізде жылу-энергетикалық қондырғыларды шығару, сондай-ақ икемді орауыш және орау материалдарын өндіру бойынша инвестжобалар жүзеге аспақ.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News