Омбы облысының оқушылары Қазақстан Республикасында өткен қазақ тілі мен әдебиетінен халықаралық олимпиадаға қатысты

2024 жылғы 19 - 23 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ХХІ Халықаралық олимпиада өтіп, оған Иран, Қытай, Ресей, Түркіменстан және Өзбекстаннан келген мектеп оқушылары қатысты.

Омбы облысынан қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Каирова Альбина мен Саурбаев Олжас (Таврический ауданындағы Қоянбай мектебі), Усина Аида (Марьяновский ауданындағы Қара-Терек негізгі жалпы білім беру мектебі), Турсумбаева Дарина (Шербакул ауданындағы Томар жалпы білім беру орта мектебі) қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Каирова Альбина 3 орынға ие болып Қазақстан Республикасы Ағарту министрлігінің дипломымен және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының мадақтамасымен, Усина Аида мен Саурбаев Олжас «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ерекше табыстары үшін мадақтамаларымен марапатталды.

Бұл олимпиаданы Қазақстан Республикасының Ағарту министрлігі шетел қазақ диаспорасының дарынды балалары мен жастарын анықтау және қолдау, сондай-ақ олардың қазақ тілі мен әдебиетін оқуға деген танымдық қызығушылығын дамыту мақсатында жыл сайын өткізеді.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News