Омбыда Қала күніне орай шетелдік және басқа қалалардан келген делегациялардың ресми қабылдауы өтті

2022 жылы 5 тамызда Қазақстанның Омбы қаласындағы Бас консулы Керім Қожамбердиев Омбы қаласы Мэрінің шақыруымен Қала күніне арналған салтанатты қабылдауға қатысты.

Іс-шараға сондай-ақ қалалық әкімшілігінің, Омбы қалалық кеңесінің және РФ СІМ Омбы қаласындағы өкілдігінің басшылығы, Павлодар және Петропавл (Қазақстан), Гомель, Могилев және Минск (Беларусь), Ангарск, Брянск, Новосібір және Ирбит (Ресей) қалаларының, сондай-ақ Екатеринбургтегі Әзірбайжан және Вьетнам, Новосібірдегі Тәжікстан және Қырғыз Бас консулдықтарының өкілдері қатысты.

Керім Қожамбердиев өз сөзінде омбылықтарды қаланың 306 жылдығымен құттықтап, мықты сібір рухының иелері мен ғасырлық дәстүрлерді сақтап келетін тұрғындардың Омбының дамуындағы рөлін атап өтті және одан әрі өркендеуін тіледі.

Сонымен қатар, Бас консул Омбымен тағдыры байланысты көптеген көрнекті қазақ қайраткерлерін өңірде ұлықтағаны үшін қала әкімшілігі мен оның тұрғындарына алғыс білдірді.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News