«Ата жолы» картасы

Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін

«Ата жолы» картасы

Басқа елдерде тұратын этникалық қазақтар «Ата жолы» картасын ала отырып,  Қазақстанға оңайлатылған кіру мүмкіндігін пайдалана алады.

«Ата жолы» картасын енгізудің мақсаты - тарихи отанмен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін біздің елімізге кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді тарту болып табылады.

Карта шетелде тұратын этникалық қазақтарға азаматтығын сақтай отырып берілетін болады. «Ата жолы» картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады (бірақ паспорттың қолданылу мерзімінен аспайды).

Егер «Ата жолы» картасының иесі Қазақстан азаматтығын алған жағдайда оның картасы жарамсыз деп танылады.

«Ата жолы» картасының иегерлері еңбек қызметін жүзеге асыру немесе бизнес жүргізу үшін қоныстану өңірін өз бетінше таңдайды.

 «Ата жолы» картасын алу үшін негіздемелер

 «Ата жолы» картасы бизнес-көшіп келушілерге не шетелде тұратын этникалық қазақтар қатарынан сұранысқа ие кәсіптері бар адамдарға өтініш беру кезінде мынадай санаттардың біріне сәйкес ұсынылады:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы №1587 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесін және қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін мамандыққа ие;

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы бұйрығына сәйкес «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» талап етілетін кәсіптерге ие;

3) тұрақты тұратын немесе азаматтығы бар елде тіркелген жұмыс істеп тұрған бизнестің болуы.

«Ата жолы» картасын алу тәртібі

«Ата жолы» картасын ұсыну туралы өтініш «Құтты мекен» АЖ мобильдік қосымша арқылы беріледі.

Өтінішпен бірге паспорттың көшірмесі, тиісті кәсіптің немесе жұмыс істеп тұрған бизнестің бар екендігін растайтын құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ қазақ ұлтына жататындығын растайтын құжат қоса беріледі.

 Толығырақ ақпарат инфографикада:

  



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News