«Қаңдас» мәртебесін алу

Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін

«Қаңдас» мәртебесін алу тәртібі

 

Қандас мәртебесін беру туралы өтінішті «Құтты мекен» мобильді қосымшасы (Play market, Apple store-да жүктеуге болады) немесе Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі арқылы беруге болады.

*****

«Құтты мекен» мобильді қосымшасы арқылы өтініш беру үшін оны Play market, Apple store дүкендерінен жүктеу, тіркелу, өтінішті нысан бойынша толтыру және келесі құжаттарды жүктеу қажет:

1) өмірбаян (еркін нысанда);

2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (туу туралы куәліктер, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе басқа да ресми құжаттар);

3) қазақ ұлтына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері.

 

«Құтты мекен» мобильді қосымшасы арқылы «Қандас» мәртебесін алуға өтініш беру қызметін түсіндіретін бейнеролик:

https://www.youtube.com/watch?v=rwt4Su7DUCk&ab_channel=Otandastarchannel

Мобильді қосымшаны жүктеп алу сілтемелері:

 

Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган өтінішхатты қарау қорытындылары бойынша өтініш берушіге «Құтты мекен» мобильдік қосымшасы арқылы қандас мәртебесін беру не беруден бас тарту туралы шешім жібереді.

 

Қандас куәлігін қандас мәртебесін беру туралы оң шешімнің негізінде өтініш берушінің Қазақстанға (қоныстандыру өңіріне) келгеннен кейін халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган береді.

*****

Өтінішті Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығы арқылы беру үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) нысан бойынша өтініш - 1 дана (жүктеу және толтыру);

2) өмірбаян (еркін нысанда) - 1 дана;

3) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе басқа да ресми құжаттар) - 1 данадан;

4) қазақ ұлтына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері - 1 данадан.

 

МАҢЫЗДЫ!

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТЕК АЛДЫН АЛА ЖАЗЫЛУ БОЙЫНША ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ (келуді келесі сілтеме бойынша брондауға болады).

 

Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары (өтініш пен өмірбаянды қоспағанда) өтініш берушіге қайтарылады.

Өтінішті қарау мерзімі - 35 жұмыс күні.

Өтініш берушіге қандас мәртебесін беру не беруден бас тарту туралы шешім әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органнан жауапты алғаннан кейін хабарланады.

 

Қандас куәлігін қандас мәртебесін беру туралы оң шешімнің негізінде өтініш берушінің Қазақстанға (қоныстандыру өңіріне) келгеннен кейін халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган береді.

Қандас куәлігі 1 (бір) жыл мерзімге беріледі.

 

Қазақстанға қоныс аудару, оның ішінде қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары туралы барлық қажетті ақпаратпен «Отандастар» Қорының https://erulik.kz/ сайтында танысуға болады.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News