Астрахань облысының губернаторы Қазақстанды негізгі шетелдік серіктестердің бірі деп атады

Бүгін Астрахань облысына жұмыс сапарының барысында  Ресейдегі Қазақстан Елшісі Ермек Көшербаев өңірдің губернаторы Игорь Бабушкинмен кездесті.

Тараптар бүкіл ынтымақтастық спектрі бойынша кең көлемдегі мәселелерді талқылап, шекара маңындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударды.

Игорь Бабушкин  Қазақстанды Астрахань облысының негізгі шетелдік серіктестерінің бірі деп атады. Қазіргі уақытта ынтымақтастық сан алуан бағыттарда: сауда, өнеркәсіп, көлік, логистика, мәдениет, туризм, медицина және білім беру бойынша жүргізіледі.

Губернатор сонымен қатар Астрахань облысында осы өңірде ондаған ғасырлар тұрып келе жатқан ұлт өкілдерінің арасындағы бейбітшілікті, келісім мен өзара түсінушілікті дамытуға көп көңіл бөлінетінін еске салып өтті. Қазақтар аса  ірі этникалық қауым болып табылады және Ресейдегі қазақтардың басқа өңірлік қауымдары арасында сан жағынан бірінші орында.

Кездесуге қатысушылар екіжақты байланыстардың әлеуеті әлі де сарқылмағанын және оларды арттыру үшін жақсы мүмкіндіктердің бар екендігін атап өтті. Перспективті бағыттардың арасында – Астраханьда шекара маңындағы сауда орталығын құру, өзара өнім жеткізуді арттыру, Қазақстаннан кеме құрылысына тапсырыстар тарту, Каспийде жаңа круиздік бағыттар ашу.

Игорь Бабушкин өңірде кемежайлық ерекше экономикалық аймақ құру, "Солтүстік – Оңтүстік" көлік дәлізін дамыту туралы айтып берді және қазақстандық бизнеске жобаға белсенді түрде қатысуды ұсынды.

Ермек Көшербаев пандемия кезінде көрсетілген көмек үшін өңір басшысына алғыс білдірді. Ол Астрахань облысы бірінші болып көмек ұсынып, тек қорғаныш құралдары мен дәрі-дәрмек қана емес, сонымен қатар тәжірибелі дәрігерлерді де жібергенін атап өтті. Елші сонымен қатар губернаторға ұсынылған таяудағы уақыттарда Қазақстанға келуге  шақыруды растады.

Биыл пандемия салдарынан Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының ауыстырылғанына қарамастан, кездесуге қатысушылар туындаған міндеттерді ағымдағы форс-мажорлық жағдайлардың өзінде шешу қажеттігін және оларды шешу жолдарын бірлесіп іздеу керектігін атап өтті.

Астраханьдағы жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесудің барысында Ермек Көшербаев олардың пандемия жағдайларында Ресейде болуы мен білім алуларының әртүрлі аспектілерін талқылап, жастардың сұрақтарына жауап берді. Қазіргі уақытта өңірдегі жоғары оқу орындарында 1800-ге жуық қазақстандық студент оқиды.

Сапар шеңберінде Елші сонымен қатар бүгін Бауырластар бағындағы "Мәңгілік алау" мемориалына гүл қойды. Ол неміс фашистерінің басқыншылығына қарсы бірлескен күресті есте сақтаудың және жастарды ата-баба ерліктерінің үлгісінде тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

  

 



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News