Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы жұмыс сапарымен Новосібірге келді

Қазақстан Республикасының Омбыдағы Бас консулы Керім Қожамбердиев ү.ж. 10 тамызында консулдық округінің аймақтарына алғашқы жұмыс сапары аясында Новосібірге келді.

Сапар мақсаты өңір басшылығымен танысу, Қазақстан мен Новосібір облысы арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылау болып табылды.

Губернатордың бірінші орынбасары Юрий Петуховпен кездесу барысында екі тарап сауда-экономикалық, мәдениет, туризм және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалар бойынша пікір алмасты.

Ю.Петухов Новосібір облысы мен Қазақстан Республикасын өзара тиімді тату көршілік әріптестік қатынастар байланыстыратынын, сондай-ақ екіжақты сыртқы сауда айналымы, білім беру саласындағы ынтымақтастығы тұрақты түрде дамып келетінін, мәдениет, ғылым және туризм саласындағы қарым-қатынастардың даму әлеуеті зор екенін атап өтті.

Өз кезегінде, Керім Қожамбердиев Новосібір облысы екі мемлекеттің аймақаралық ынтымақтастығында маңызды буындардың бірі болып табылатынын, бұл аймақпен ортақ тарих пен берік экономикалық қатынастар жақындататынын, сонымен қатар биыл Қазақстан мен Ресей дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын атап өтетінін хабарлады.

Сапардың ресми бағдарламасы аясында Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Анатолий Батаевпен, Сібір мемлекеттік геожүйелер және технологиялар университетінің ректоры Александр Карпикпен және облыстық сауда және өнеркәсіп палатасының вице-президенті Анна Бойкомен кездесулер өтті.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News