Орынборда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының форумға дайындық барысы талқыланды

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаевтың Орынборға жұмыс сапары өтті.

Облыс губернаторы Денис Паслермен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Келіссөздерге ҚР сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаев пен Орынбор облысы үкіметінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, аймақ басшысына консулдық округіне Орынбор облысы кіретін Қазақстан Республикасының Астраханьдағы жаңа Бас консулы Ардақ Мәдиев таныстырылды.

Қазақстан-Ресей шекарасының 1876 шақырымын құрайтын ең ұзын аумағы орналасқан Орынбор облысы екі елдің өңіраралық ынтымақтастығында ерекше орын алады. Тараптар Қазақстан өңірлері мен Орынбор облысы арасындағы тауар айналымының оң өзгерісін атап өтті. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында бұл көрсеткіш 300 миллион долларға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге жоғары. Екіжақты сауда қатынасының дамып жатқандығы, сонымен қатар, экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту, инвестициялық ынтымақтастық пен өнеркәсіптік кооперацияны арттыру, өзара тиімді жобаларды іске асыру үшін ресурстар бар екендігі атап өтілді.

Қараша айының соңында Орынборда өтетін "Халықаралық саудадағы инфрақұрылымдық шектеулерді алып тастау" тақырыбында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындыққа ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар форумның нәтижелері өңіраралық байланыстарды дамытуға қуатты жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Келіссөздер барысында қазақ тілі мен мәдениетін сақтау, сондай-ақ қазақ диаспорасының тарихи Отанымен рухани байланысын қолдау контекстіндегі мәдени-гуманитарлық тақырыптар да қозғалды. Қазақтар саны бойынша Орынбор облысындағы орыстар мен татарлардан кейінгі үшінші этнос (аймақтың жалпы халқының 6% құрайды, яғни, 120,2 мың адам)болып табылады. Ермек Көшербаев ондаған ғасырлар бойы осында тұратын ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілікті, келісім мен өзара түсіністікті жан-жақты қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.

Сапар аясында Елші "Даңқтың мәңгілік алауы" мемориалына гүл шоқтарын қойып, Орынбор губернаторының тарихи-өлкетану мұражайын аралады.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News